Құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) құрылысты техникалық қадағалауы

Құрылыс салушының құрылысты техникалық қадағалауы бойынша қызметі шеңберінде сіз «Инженер» компаниясына мынадай тапсырмаларды бере аласыз: 

- жұмыстарды орындаушыда, ол қолданатын материалдар, бұйымдар және құрал-жабдықтарға сапа туралы құжаттардың (белгіленген жағдайларда сертификаттардың), кіріс бақылауы және зертханалық сынақтардың құжатталған нәтижелерінің бар болуын тексеру;     

- орындаушымен қолданылатын материалдар, бұйымдар және құрал-жабдықтарды қоймаға қою ережелерінің сақталуын бақылау; бұл ережелерді бұзулар анықталған кезде техникалық қадағалау өкілі қоймаға дұрыс емес  қойылған және сақталып отырған материалдарды қолдануға тыйым салуы мүмкін;

- жұмыстарды орындаушымен орындалатын операционалдық бақылаудың талаптарға сәйкестігін бақылау;

- жұмыстарды орындаушыда орындаушы құжаттардың бар болу және дұрыс жүргізілуі, соның ішінде элементтердің күйі дәлдігін таңдамалы бақылаумен орындалған құралымдардың геодезиялық орындаушы схемаларының растығын бағалауды бақылау;

- жоба құжаттамасында құрылыс барысында анықталған ақауларды, жойылуын бақылау, жобалаушыға ақаулы құжаттаманы құжатталған түрде қайтару, түзетілген құжаттаманы бақылау және құжатталған түрде қабылдау, оны жұмыстарды орындаушыға беру;

-  жұмыстарды орындаушымен мемлекеттік қадағалау және жергілікті өзіні-өзі басқару органдарының бұйрықтарын орындалуын бақылау;

-  құрылыс объектісіндегі барлық апаттық жағдайлар туралы мемлекеттік қадағалау органдарына хабарлау;

- жұмыстарды орындау көлемі мен мерзімдерінің келісім-шарт шарттары және құрылыстың күнтізбелік жоспарына сәйкестігін бақылау;

- орындалған жұмыстар, құралымдар, инженерлік тораптарының учаскелерінің сәйкестігін (жұмыстарды орындаушымен бірге) бағалау, сәйкестікті растайтын екі жақты актілерге қол қою; көрсетілген актілерге қол қоюға дейін келесі жұмыстарды орындауға болмайтындығы туралы талаптың жұмыстарды орындаушымен орындалуын бақылау;

- құрылысы аяқталған объектінің заңнама, жобалау және нормативтік құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін (жұмыстарды орындаушымен бірге) қорытынды бағалау. 

Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін, қажет болса техникалық қадағалау қызметін ұйымдастырып, оны жобалау және қажетті нормативтік құжаттамамен, ал сонымен қатар бақылау-өлшеу құралдары және аспаптарымен қамтамасыз етеді.

Серіктестер

Қызметтеріміз