Ғимараттар мен имараттардың құрылыс құралымдарының техникалық жағдайын тексеру және ба

Ғимараттарды техникалық тексеру және имараттарды тексеру ғимаратты жөндеу және қайта құрылымдау, оны құлату немесе  табиғи тозуын бағалау туралы шешім қабылдау мақсатында қажетті болады. Біз ғимараттар мен имараттарды кешенді тексеру, ғимараттардың және кез келген инженерлік тораптардың техникалық жағдайын бағалауды жүзеге асырамыз.     

РФ және ТМД елдерінде ғимараттардың техникалық диагностикасы, қауіпті өндірістік объектілердегі имараттар, техникалық құрылғылардың диагностикасы  міндетті рәсім болып табылады және 1997-жылғы «РФ-нда қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі туралы» №116 Федералдық заңымен бекітілген. 

Құрылыс объектісі мен ғимараты жағдайының тәуелсіз техникалық сараптамасы мына жағдайларда қажет болады:

  1. аяқталмаған құрылысты қайта бастау жағдайында инженерлік жүйелер және құралымдардың табиғи тозуын бағалау талап етіледі;
  2. сыртқы факторлар - өрт, су тасқыны және басқа әсерлердің салдарынан зиян шеккен ғимараттардың техникалық жағдайын бағалау қажет;
  3. құрылыстарды қайта жоспарлау, қабаттарды салу немесе жертөле бөліктерін тереңдету жоспарланып отыр;
  4. ғимаратты күрделi жөндеу, оны жаңарту немесе қайта құрылымдау талап етіледі;
  5. аражабындар, ұстындар немесе қабырғалардың деформацияларының, ал сонымен қатар қабырғаларда сыздың пайда болуы және тоңдану себепте­рін анықтау қажет;
  6. іргетас құралымының ақауларын анықтау үшін ғимараттарды тексеру талап етіледі;
  7. құрылыс материалдарының сараптамасы.

Ғимарат немесе имараттың жағдайын тексеру бойынша жұмыстар өткізілгеннен кейін сіз мамандарымыздың есебі - Сараптамалық қорытындысын аласыз, олардың негізінде жасалған диагностиканың барлық мәліметтері мен қорытындылар көрсетіледі.  Сіз сараптама объектісі туралы нақты түсінік аласыз. Біз ғимараттар мен имараттардың техникалық тексеруге байланысты,   жоспарланатын жұмыстардың тәртібі мен көлемдері туралы толық ақпаратты беретін техникалық тапсырманы құрастырамыз.

 Егер сіздің сотқа жүгінуіңіз қажет болса, компания кез келген имараттың жағдайының сотқа дейінгі құрылыс сараптамасын жүзеге асырады. Сараптама  кез келген ірі өнеркәсіп және тіпті жеке тұлғаға да керек болуы мүмкін. Сондықтан әрбір нақты жағдайды біз жеке жақындау жолымен шешеміз.  

 Сараптама өткізуге байланысты сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін, телефон арқылы «Инженер» компаниясына қоңырау  шалу немесе сайттың «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген оның электрондық мекен-жайына өтініш жіберу жеткілікті.  

 Біз құрылыс имараттарының жобалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін бағалауға маманданамыз және кез келген ғимараттар мен имараттарды жобалауды жүзеге асырамыз, бетонның беріктігін, оны бұзбайтын әдістермен, ал сонымен қатар басқа материалдардың беріктігін, оларды бұзатын әдістермен анықтай аламыз. Біздің мамандарымыз жылувизиялық  тексеруді және ультрадыбыстық ақау өлшеу және  қалыңдықты өлшеуді өткізеді, болаттардың  химиялық құрамы және кірпіштің беріктігін анықтайды. Біз бүкіл құралымды ашу қажеттілігінсіз бетонның қорғау қабатының қалыңдығын бағалай аламыз, ал сонымен қатар арматураның орналасқан жерін таба аламыз, тоттануға қарсы жабындардың қалыңдығын және қадалар ұзындығын анықтай аламыз.

Серіктестер

Қызметтеріміз