Материалдардың беріктігін бұзатын әдістермен анықтау
Кез келген құрылыс имараттары және тұрғызылатын ғимараттардың қажетті пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуде бұл мақсаттар үшін қолданылатын материалдардың сапасы басты және негізгі рольді ойнайды. Жобалау сатысында пайдаланылатын құрылыс материалдарының мүмкін және бар кемшіліктерін анықтау және олардың сипаттамаларының нормативтік және жобалық мәндер мен талаптардан ауытқуларын табу қажет.
Компаниямыздың сынақ зертханасы (аккредитацяи туралы №ИЛ/ЛРИ - 54060 куәлігі) бұзатын әдістермен құрылыс материалдарын сынаудың келесі түрлерін жүргізеді:
- МЕМСТ 10180-90 бойынша бақылау үлгілері -бетон кубтарын сығуға сынау;
- МЕМСТ 28570-90 бойынша құрылыс құралымдарынан бұрғылап алынған үлгілердің (керндер) сығуға беріктігін анықтау;
- МЕМСТ 10180-90; МЕМСТ 27005-86 бойынша блоктан кесілген жеңіл немесе қуысты бетоннан куб-бақылау үлгілерін сығуға сынау;
- МЕМСТ 5802-86 бойынша қалау жігінен таңдап алынған ерітінділердің үлгілерін сынау;
- кірпіш пен керамикалық тастың беріктігін анықтау:
МЕМСТ 8462-85 бойынша беріктігі бойынша маркасын анықтау үшін сығу және июге сынау.
Бірнеше автомашиналарымыз - жылжымалы зертханаларымыз бар.
Бізде өзінің жұмысын сапалы орындайтын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Барлық мамандарымыз оқытудан өткен және тиісті органдармен аттестацияланған. Сарапшыларымыздың мынадай куәліктері бар:
- «Росатомқұрылыс»- МТҒЗКИ» ИҚК» ФМУӨ филиалы, Ростехнадзор СБ БЖ берген 23.11.2007-жылынан аккредитация туралы № НОАП-РК 01007 куәлігі. Сынақ зертханаларының қызметшілерін аттестациялау Ережелеріне (СДВА-24) сәйкес аттестацияланған. Зертхананың түрі: 3; 7(7.1) аттестация саласындағы 2- біліктілік деңгейіне бұзатын және басқа түрдегі сынақтар зертханасы.
- Маманның № 17-00-4098 біліктілік куәлігі. Ростехнадзор СБ БЖ берген. Қызметшілерді аттестациялау бойынша тәуелсіз орган -«МАШТОҒЗИ -Аттестациялау-оқыту орталығы» . Сынақ зертханаларының қызметшілерін 9.2.1; 9.7.1; 9.7.2; 9.7.3; 9.7.8; 9.7.13; 9.7.14; 9.7.17; 9.8.2 аттестациялау саласында 2-біліктілік деңгейіне аттестациялау ережелеріне сәйкес аттестацияланған.
Барлық аспаптар метрологиялық тексеруден өткен немесе калибрленген.