Құралымды ашпай бетонның қорғау қабатының қалыңдығын және арматураның орналас&

«Инженер» компаниясының сынақ зертханасы  темірбетон құралымдарда бетонның қорғау қабатының қалыңдығын және арматураның орналасқан жерін анықтау бойынша сынақтар өткізуге мамандалған. 

Зертахана келесі міндеттерді шешеді: 

  • кәсіпорындары мен құрылыстарда технологиялық бақылау, ғимараттар мен имараттарды тексеру кезінде МЕМСТ 22904-93 бойынша магниттік әдіспен  темірбетон бұйымдар мен құралымдарды арматуралау сапасын жедел бақылау;
  • бетонның қорғау қабатының қалыңдығын анықтау (0 ... 175 мм), бұйымдар мен құралымдарда арматураның диаметрі (3...50 мм) және орналасуын анықтау;
  • құралымдардың арматура жатқан бет бөліктерін анықтау (арматураның орналасқан жерін анықтау). 

Көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құқық белгiлейтiн құжаттамамыз бар: 

Экологиялық, Техникалық және Атомдық қадағалау бойынша Федералдық Қызметтің бақылауындағы объектілерде сәйкестікті бағалаудың Бірыңғай жүйесімен берілген аккредитация туралы №ИЛ/ЛРИ-54060 куәлігі. Аккредитациялау органы - «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» ҒТО» ААҚ. Куәлік   МЕМСТ Р ИСО/МЭК 17025-2006 (ISO/IEC 17025:2005/Cor.1:2006) және СДА-15-2008  талаптарына сәйкес бұзатын және басқа түрдегі сынақ зертханасына берилген. 

Бізде өзінің жұмысын сапалы орындайтын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Барлық мамандарымыз оқытудан өткен және тиісті органдармен аттестацияланған. Сарапшыларымыздың мынадай куәліктері бар: 

  1. «Росатомқұрылыс»- МТҒЗКИ» ИҚК» ФМУӨ филиалы, Ростехнадзор СБ БЖ берген 23.11.2007-жылынан аккредитация туралы № НОАП-РК 01007 куәлігі. Сынақ зертханаларының қызметшілерін аттестациялау Ережелеріне (СДВА-24) сәйкес аттестацияланған. Зертхананың түрі: 3; 7(7.1) аттестация саласындағы  2- біліктілік деңгейіне бұзатын және басқа түрдегі сынақтар зертханасы. 
  2. Маманның № 17-00-4098 біліктілік куәлігі. Ростехнадзор СБ БЖ берген.  Қызметшілерді аттестациялау бойынша тәуелсіз орган -«МАШТОҒЗИ -Аттестациялау-оқыту орталығы». Сынақ зертханаларының қызметшілерін  9.2.1; 9.7.1; 9.7.2; 9.7.3; 9.7.8; 9.7.13; 9.7.14; 9.7.17; 9.8.2 аттестациялау саласында 2-біліктілік деңгейіне аттестациялау ережелеріне сәйкес аттестацияланған. 

Барлық аспаптар метрологиялық тексеруден өткен, немесе калибрленген.

Серіктестер

Қызметтеріміз