Ғимараттар мен имараттарды жобалау

2005-жылдан бастап «Инженер» ЖШҚ құрамында жобалау-смета бөлімі ұйымдастырылған және жауапкершілігі I-II деңгейге жататын тұрғын үй, әкімшілік және өнеркәсіп  ғимараттары, өндірістік-қоймалық ғимараттар мен имараттарды (соның ішінде галереялар мен эсткадалар)    қайта құрылымдау, күрделі жөндеу және жоюға инженерлік-геологиялық және инженерлік-геодезиялық ізденістерді қоса алғанда жаңа құрылысты кешенді жобалауды орындауға лицензия алынған болатын.

 Біздің ұйымымыз Кешенді жобалау құрамында тапсырыс берушінің жобалауға тапсырмасының талаптарына байланысты жұмыс сызбаларының келесі жиынтығын да дайындауға әзір: 

  • өндіріс технологиясы (сызбалар маркасы «ТХ»);
  • бас жоспар және көлік (сызбалар маркасы «ГП»);
  • сәулет-құрылыстық шешімдер (сызбалар маркасы «АС»);
  • су құбырлары мен канализация (сызбалар маркасы «ВК»);
  • жылыту,  желдету және ауаны баптау (сызбалар маркасы «ОВ»);
  • қуатты жабдықтар (сызбалар маркасы «ЭМ»);
  • ішкі электрлік жарық (сызбалар маркасы «ЭО»);
  • байланыс жүйелері (сызбалар маркасы «СС»);
  • өрт дабылы (сызбалар маркасы «ПС»);
  • кешенді автоматтандыру (сызбалар маркасы «АК»);
  • сумен қамтамасыз етудің сыртқы желілері (сызбалар маркасы «НВ»);
  • канализацияның сыртқы желілері (сызбалар маркасы «НК»);
  • сыртқы электрлік жарық (сызбалар маркасы «ЭН»);
  • электрмен жабдықтау (сызбалар маркасы «ЭС»);
  • НПБ-105-03 талаптарына сәйкес бөлмелер мен ғимараттардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санатын  анықтау бойынша есептерді қоса алғанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар;
  • Құрылысты ұйымдастыру жобасы (сызбалар маркасы «ПОС»). 

«Инженер» ЖШҚ жобалау компаниясы  жауапкершелігі II деңгейге жататын (25 қабатқа дейінгі) ғимараттар мен имараттарды жобалауды жүзеге асырады.

 Жетекші жобалау ұйымдарында жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандар ұжымы жобалаудың кез келген сатысында толық көлемде кез келген күрделілік санатына жататын инженерлік -геологиялық шарттары бар аумақтарда ғимараттар мен имараттар және олардың кешенін салуға жобалау құжаттамасының құрылымдық бөлімдері мен шешімдерін әзірлейді.

 Бар жоба шешімдерін талдау және сараптамасын орындаймыз және көбірек үнемді варианттарды әзірлейміз.  

 Ғимараттар мен имараттардың жобалары келісілген кезде және олардың құрылысы кезеңінде сүйемелдеуді (авторлық және техникалық қадағалау) жүргіземіз.

Серіктестер

Қызметтеріміз