Бұзбайтын әдістермен бетонның беріктігін анықтау

«Инженер» компаниясының бұзбайтын бақылау сынақ зертханасының кең аспап паркі бар, ол тек қана сынақ зертханасында емес, ал тікелей объектінің өзінде де қысқа мерзімде материалдардың беріктік сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Бетонның беріктігін анықтау әр түрлі  әдістермен жүргізіледі. Бар болған бұзбайтын бақылау әдістерінің барлық түрлерінің артықшылықтары, кемшіліктері бар және олар жанама болып табылады. «Инженер» компаниясының бұзбайтын бақылау сынақ зертханасы кешендегі бар барлық мүмкіндіктерді  пайдалануға жағдай туғызатын арнайы аспаптармен жабдықталған.

 Зертханалық жағдайларда бізді мамандарымыз бұзбайтын әдістермен бетонның беріктігін анықтау үшін мынадай сынау түрлерін жасай алады:             

  1. МЕМСТ 26690-88-ге сәйкес  тұтасқұймалы темірбетондар қалай болса, жинамалы темірбетондар да солай технологиялық бақылауын жүргізу, ал сонымен қатар имараттар, ғимараттар және құралымдарды тексеру  кезінде ойып алумен жұлу әдісі;
  2. МЕМСТ 17624-87-ге сәйкес бетонның беткі және өтпелі тексеруін жүргізу кезінде ультрадыбыстық әдіс;
  3. МЕМСТ 22690-88-ге сәйкес соққы импульсі әдісі.

 Компанияның бірнеше автомашиналары - жылжымалы сынақ зертханалары- және арнайы дайындықтан өткен және тиісті органдарда  аттестациядан өткен, сауатты, жоғары білікті қызметшілері бар. 

Жоғарыда көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құқық белгiлейтiн құжаттамамыз бар: МЕМСТ Р ИСО/МЭК 17025-2006 (ISO/IEC 17025:2005/Cor.1:2006) және СДА-15-2008 талаптарына сәйкес бұзатын және басқа түрдегі сынақ зертханасына берилген акрредитация туралы №ИЛ/ЛРИ-54060 куәлігі. 

Сарапшыларымыздың мынадай куәліктері бар: 

  1. «Росатомқұрылыс»- МТҒЗКИ» ИҚК» ФМУӨ филиалы, Ростехнадзор СБ БЖ берген 23.11.2007-жылынан аккредитация туралы № НОАП-РК 01007  куәлігі. Сынақ зертханаларының қызметшілерін аттестациялау Ережелеріне (СДВА-24) сәйкес аттестацияланған. Зертхананың түрі: 3; 7(7.1) аттестация саласындағы  2- біліктілік деңгейіне бұзатын және басқа түрдегі сынақтар зертханасы.  
  2. Маманның № 17-00-4098 біліктілік куәлігі. Ростехнадзор СБ БЖ берген.  Қызметшілерді аттестациялау бойынша тәуелсіз орган -«МАШТОҒЗИ -Аттестациялау-оқыту орталығы» . Сынақ зертханаларының қызметшілерін  9.2.1; 9.7.1; 9.7.2; 9.7.3; 9.7.8; 9.7.13; 9.7.14; 9.7.17; 9.8.2 аттестациялау саласында 2-біліктілік деңгейіне аттестациялау ережелеріне сәйкес аттестацияланған. 

Барлық аспаптар метрологиялық тексеруден өткен немесе калибрленген.

Серіктестер

Қызметтеріміз