Компания туралы

«Инженер» компаниясы басым бағыты ғимараттар мен имараттарды тексеру, ғимараттардың техникалық жағдайын бағалаудан тұратын   өзінің қызметін 1991-жылғы 8 Қаңтарда бастаған болатын.

Өндірістік қызметі Пермнің құрылыс және қорғаныс кәсіпорындарында жұмыс істеудің үлкен тәжірибесі бар тәжірибелі жобалаушылар мен инженер-құрылысшылардың ұжымы арқасында басталған болатын. 

2003-жылда Инженер ЖШҚ өте жоғары жетістіктері үшін  Франция Өнеркәсіпке көмек беру ассоциациясының Алтын медалімен марапатталды. 

2004-жылдан бастап техникалық құрылғылар, ғимараттар мен имараттардың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің сараптамасы, сонымен қатар ғимараттарды  жобалау қызметі ең көп дами бастады. Кәсіпорнында жұмыс істейтін мамандардың саны жыл сайын өсіп келеді. 2008-жылдан бастан компанияның бас офисі Екатеринбургта орналасқан болатын. Қазіргі уақытта «Инженер» ЖШҚ бүкіл Ресей аумағында қызмет көрсетіп отыр.

 Бүгін ғимараттардың техникалық жағдайын тексеру және бағалау қалай болса, имараттар, құрылыстар және техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің сараптамасы; ғимараттар, имараттар, техникалық құрылғылардың техникалық диагностикасы  да солай, компания қызметінің басым бағыттары болып табылады. Біз кез келген сәулет ескерткіштері құрылыстарының тексеруін  орындаймыз және құрылыс объектісінің конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асырамыз.

 Компания қайта өңдеу және сақтау, ал сонымен қатар кез келген ядролық қалдықтарды тасымалдау, соның ішінде атом станцияларында тасымалдау объектілерін тексерумен айналысады. «Инженер» ЖШҚ құрылыстар және әр түрлі техникалық құрылғылардың жылувизиялық  тексеруін өткізеді.

 Біздің компаниямызда осы қызмет саласында үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар ғана жұмыс істейді.  Біздің  қызметімізді жүзеге асыру құқығын беретін барлық қажетті лиценцияларымыз бар. Сонымен қатар бұзатын және бұзбайтын әдістермен бақылауға арналған  өзіміздің меншікті, мемлекеттік аттестациядан және аккредитациядан өткен сынақ зертханамыз бар. 

Біз, ұзақ уақыттан бері жұмыс істейміз және өз клиенттерімізге ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге тырысамыз. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, белгілі ережелер мен нормалар қолданылатын сала болып табылады, және біз келісім-шартқа сәйкес өз міндеттемелерімізді атқару ғана емес,  ал клиенттеріміздің  кез келген міндеттерін шешуде жетік және білікті жәрдем және кеңес береміз. «Инженер» ЖШҚ-ның көп жылдық тәжірибесі -тапсырыс берушілердің жобаларын сапалы іске асыру  кепілдігі. 

Егер сізге құрылыс объектісі немесе ғимарат жағдайының тәуелсіз техникалық сараптамасы қажет болса, әлде сіз мамандарымыздың басқа қызметтерін пайдалануға шешім қабылдаған болсаңыз, тәсілдердің өзіңізге ыңғайлы  бірімен бізге хабарласыңыз:

 

-  (343) 370-82-78 телефоны арқылы;

- ekat@gpi-e.ru- электрондық поштасы арқылы

 

 Бас директор

Сергей Ковалев

Серіктестер

Қызметтеріміз